НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Ресейдің Қазан қаласында өтетін жүзуден әлем кубогі кезеңіне үш қазақстандық спортшы қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті хабарлағандай, аталған әлем кубогі кезеңінде нормативті орындаған спортшылар Токио Олимпиадасына тікелей жолдама алады.
Естеріңізде болса, Токио олимпиадасына осыған дейін су спортынан Қазақстан командасы екі жолдама жеңіп алған болатын. Нақтырақ айтсақ, Дмитрий Баландин 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуден Токио ойындарының жолдамасын жеңіп алған.
Ал бүгінгі сында, Александр Варакин, Диана Назарова және Анастасия Резванцева Олимпиада жолдамасы үшін сынға түседі.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.