НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанның Бенгалуру қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар медаль санын 10-ға жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жарыстың үшінші күні ел қоржынына тағы үш медаль түсті. Атап айтар болсақ, 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Илья Кранояров, 200 метрге брасс әдісімен жүзуден Диас Тілеубек және 100 метрге еркін әдіспен жүзуден Михаил Царев қола жүлдегер атанды.
Естеріңізге сала кетейік, жарыстың алғашқы күні 100 метрге брасс әдісімен жүзуде София Әбубәкірова үшінші орын алса, 50 метрге шалқалап жүзуден Кирилл Любимов қола жүлдегер атанды. Ал 200 метрге кешенді түрде жүзуде Илья Краснояров қола медаль жеңіп алды.
Ал кеше, яғни екінші жарыс күні жерлестеріміз төрт медальге қол жеткізгенін жазған болатынбыз.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.