АСТАНА. ҚазАқпарат – Жапонияның Фукуока қаласында 14 шілдеде басталатын су спортынан әлем чемпионатында еліміздің атынан төрт спортшы сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетейік, аталған спорт түрінен әлем чемпионаты Жапонияның Фукуока қаласында былтыр 13-29 мамыр аралығында өтуі тиіс болатын. Коронавирус инфекциясына байланысты турнир биылғы жылдың шілдесіне ауыстырылған еді. Әлемдік біріншілікке іріктеу арнайы біліктілік нормативтерін орындау арқылы жүргізілді. Нәтижесінде еліміздің атынан дүбірлі додаға төрт жүзуші қатысуға мүмкіндік алды.
Ел құрамасы сапында Әділбек Мусин 50, 100 метр баттерфляй әдісімен, 100 метр еркін әдіспен жүзуден жарысса, Ксения Игнатова шалқалай жүзуде 50, 100, 200 метрде сайысқа түседі.
Ал, Диана Тасжанова 800, 1500 метр еркін әдіспен, Аделаида Пчелинцева 50, 100 метров брасс әдісімен бақ сынайды.
Әлем чемпионатында су спорты бойынша медальдар суға секіруден, көркем жүзу, су добы және ашық суда жүзуден өткізіледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.