«Сумен қамтудың резервті көздері бойынша проблема өзекті күйінде қалып отыр. Су тапшы кезеңдерде нақты қауіп туындауы ықтимал: қала сусыз қалады.
Экология министрлігіне бүгін қала әкімі айтқан барлық ұсынысты, соның ішінде Астана су қоймасын сумен қамтамасыз етуді ұлғайту бойынша мәселесін зерделеу керек. Сондай-ақ №3 сорғы-фильтр станциясының және кәріз-тазарту нысанының құрылыстарын тездету маңызды», - деді Мемлекет басшысы.