«Қырғыз Республикасы жағынан судың аз келіп түсуіне байланысты Жамбыл облысы әкімдігінің ақпараты бойынша шамамен 7,8 мың гектар зардап шекті. Оның ішінде қант қызылшасы сияқты әлеуметтік маңызы бар дақылдың алаңы 1,2 мың гектарды құрайды. Өңірлік ауқымда төтенше жағдай жариялау және фермерлердің шығындарын жабу, республикалық бюджеттен субсидияны толық көлемде жеделдетіп төлеу және фермерлердің қайтаратын кредиттерінің мерзімдерін ұзарту бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп баяндады Ербол Қарашөкеев.
Сонымен қатар, министр құрғақшылыққа байланысты дәнді дақылдар алқабының 7,5 пайызы нашар күйде екенін айтты.