«Кеше кешке облыс әкімі Асхат Берлешұлы Шахаров бейнеүндеу жариялады. Оның барысында өңірдегі су тасқыны ахуалы тұрақталып, қауіп сейілгенін хабарланды. Біз бұрынғы қалыпты өмірімізге оралып жатырмыз. Қазіргі таңда, тек қана Ырғыз ауданы тәуекел аймағында. Торғай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуінен Нұра және Мамыр ауылдарында бөгеттерді нығайту үшін қосымша техникалар жұмылдырылды. Алдын-ала осы елді мекендердегі 126 адам эвакуцияланды», - деді Асылбек Есенбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатына ZOOM арқылы қатыса отырып.
Оның айтуынша, аталған екі ауылда суға кеткен үйлер жоқ.
«Бүгінде, су тасқынының салдарын жою жұмыстары қарқынды жүруде және оның оң динамикасы көрініп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына тиісті көмек көрсетіліп жатыр. 6 сәуірден бастап біржолғы әлеуметтік төлем берілуде. Қазіргі уақытта 681 отбасыға 220 млн теңге төленді және 494 отбасының құжаттары қаралуда», - дейді ол.
Еске сала кетсек, кеше Ырғызда тұтас бір ауылдың тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатқаны туралы хабарлаған едік.