АСТАНА. KAZINFORM – ТЖМ су тасқынына қатысты сағат 10:00-дегі ақпаратты жариялады.
Ресми дерекке қарағанда, рспублика бойынша 63 009 адам өз үйлеріне оралды. 5307 адам эвакуациялау пунктерінде.
«Су тасқыны болып жатқан аймақтарда 27,3 млн-нан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 8,1 млн-нан астам қапшық және 1,5 млн-нан астам тонна инертті материал төселді», — делінген хабарламада.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.