Су тасқыны: Ел-жұрт жұдырықтай жұмылды

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмола облысының 6 аумағында төтенше жағдай. Көкшетау қаласы, Есіл, Жарқайың, Атбасар, Бұланды және Астрахан аудандары тасқын сумен күресіп жатыр. Қалыптасқан жағдайға байланысты бүкіл қоғам болып топтасты.

Фото: «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы

Төтенше жағдайлар қызметкерлерімен қатар партия мүшелері, партия депутаттары мен «Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері жергілікті билік органдарымен бірге су тасқынына қарсы қолға алынған шараларға атсалысуда. Ақмолалық кәсіпкер депутаттар ауыр техникамен көмектесіп, арнайы есеп шотқа қаржылай ақша аударып, төтенше жағдай қызметкерлеріне ыстық тамақ жасап, құм салатын қаптар сатып алып, күн-түн демей халықпен бірге. Зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, мемлекет тарапынан көмек көрсететін арнайы комиссиялардың құрамында жұмыс істеуде. Гуманитарлық жүктерді жеткізуді ұйымдастырып, волонтерлердің жұмысын үйлестіріп жатыр.

Фото: «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы

Зардап шеккендерге жан жақты көмек көрсету үшін «Amanat» партиясының жанынан құрылған өңірлік штабтар үздіксіз қызметте. Штабтарда азаматтарға медициналық, психологиялық және ақпараттық көмек көрсетіліп жатыр. Келіп түскен арыз-өтініштер дереу қабылданып, шешімін тауып жатыр. Төтенше жағдай жарияланған аймақтарда жүрген депутаттар әлеуметтік қызметкерлермен бірге әр азаматқа түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен, облыстық партия жетекшілері, жергілікті аудандық партия өкілдері мен әлеуметтік қызметкерлерден құралған мобильдік топ тек бір күн ішінде ғана үйілеріне су кірген 150-ден астам атбасарлық азаматтармен түсіндірме жұмысын жүргізді. Бұл жұмыс күнделікті жалғасып жатыр.

Фото: «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы

Көкшетау қаласындағы Достық үйінінің жанынан ашылған гуманитарлық көмек жинау орталығына өңірдегі жаны жомарт азаматтардан азық-түлік, киім-кешек және тұрмысқа қажетті заттар келіп түсіп жатыр. «Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері зардап шеккен тұрғындарға үлестіріп жатыр. Облыстағы су тасқынанын зардап шеккен 6 ауданның жұртшылығына Павлодар, Жамбыл облыстарынан, Астана қаласынан үздіксіз гуманитарлық көмек тиелген жүк көліктері келіп жатыр. Жергілікті волонтерлер оны дереу таратып жатыр. 

Облысымызда 500-ден астам волонтер аянбай еңбек етіп, үлестрін қосып жатыр. «AMANAT» фракциясының депутаттары да қиындыққа тап болған өңірлерде, елдің ортасында жүр. Қазір барлық күш, барлық ресурс су тасқынын еңсеруге бағытталып отыр. Депутаттар халықпен үнемі байланыста. Тасқын судың беті қайтқанша өңірлерде халықпен бірге.

Ешкімде ескерусіз қалмайды.