«Бұған дейін облыстың екі қаласында және 4 ауданында төтенше жағдай жарияланды. Аталған жерлерде зардап шеккендерге залалды өтеу бойынша комиссиялар құрылып, жұмыс істеп жатыр. Төлем туралы шешімдерді комиссиялар жылжымайтын әрі жылжымалы мүлік пен малды есептеуден кейін қабылдайтынын атап өткен жөн», - деді Д. Кабдушев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, облыстағы 3 негізгі су қоймасындағы жағдай штаттық режимде.
«Өңірде 51 жеке тұрғын үйді су басып тұр. 9 114 адам қауіпсіз жерге көшілірген еді. Қазір 189 адам уақытша орналастыру орталықтарында орналасқан, қалғандары туыстарының үйінде. Келтірілген шығынды есептеу және барлық зардап шеккендерге көмек жөніндегі комиссиялардың жұмысы жалғасып жатыр.
Мал шығыны үшін өтемақы төленіп жатыр. Ветеринариялық қызметтің мәліметінше, өлген 214 бас мал үшін төлем жасалған. Қазір 1051 отбасына 200 млн теңге сомасында әлеуметтік көмек жасалды», - деді басқарма басшысы.