Су тасқыны: Құлсары қаласына қосымша техникалар келіп жатыр

Фото: Рахим Қойлыбаев

АТЫРАУ. KAZINFORM - Құлсары қаласына қосымша техникалар келіп жатыр. Қалыптасқан ахуалға байланысты, Құлсары қаласын тасқыннан қорғау бойынша шаралар жалғасуда.

«Қаланың тең жартысын су басқанына қарамастан, су жетпеген аумақтарды сақтап қалу мақсатында жұмыстар күшейтіліп жатыр. Қазіргі уақытта Құлсары қаласына арнайы дизельді генератор, экскаватор, арнайы ауыр техникалар жетті»,-деп хабарлады облыстық жедел штабтан.