«Петропавл тұтынушыларына электр энергиясын шектеу толық көлемде алынып тасталды. Сағат 9.20 шамасында «СевКаз АЭК» АҚ электр желілерінде мұздың аралық тірекке зақым келгені байқалды. Сағат 14.38-де электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша шектеулер алынды, 20.45-те қаланы электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді», - деді спикер Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.
Спикердің айтуынша, бірқатар өңірлерде оң динамика байқалады. Қостанай облысында ажыратылған абоненттер саны 5 мыңнан 1 мыңға дейін қысқарды. Ақтөбе облысында 5,5 мыңнан 103 абонентке дейін, Батыс Қазақстан облысында – 4 есеге, ал Атырау облысында – 3 есеге қысқарды.
«Төтенше жағдайды жоюға 9 мыңнан астам энергетик мамандар, 2 145 бірлік арнайы автотехника қатысуда. Электр энергиясының 414 мобильді көзі бар. Алдағы кезеңде кернеулердің әртүрлі кластарындағы электр беру желілерінің 1 867 тірегін қалпына келтіру қажет. Салдарды жою үшін барлық қажетті материалдар бар», - дейді министрлік өкілі.