Министрліктің баспасөз қызметі таратқан деректерге қарағанда осы уақытта республика бойынша 61 153 адам үйлеріне оралған. 5 363 адам, оның ішінде 2 317 бала эвакуациялау пункттерінде жатыр.
11 270 тұрғын үй мен 3 539 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 21,1 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,9 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.
Жедел желі телефонына 2261 қоңырау түсті.