«Мал шығыны мен төлемақыға қатысты түрлі ақпарат тарап жатыр. Әр өңірде жедел штаб құрылған, олар жұмыс істеуде. Тасқын су аумағынан 138 800 бас мал құтқарылды. Одан бөлек, 9 761 бас мал қырылды, өлекселердің 98%-ы жойылды. Қырылған мал шығынын өтеудің алгоритмі бар, құжаты бар мал шығыны бюджет есебінен өтеледі. Ал құжаты жоқ, тіркелмеген мал шығындары қордың, демеушілердің есебінен өтеледі. Бүгінде 4 801 бас мал шығыны өтелді, бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», - деді Ауыл шаруашылығы министрі Айдар Сапаров Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде.
Министрдің мәліметінше, 4 801 бас мал шығынын өтеуге 1 млрд 198 млн теңге бөлінген.
Бұған дейін су тасқыны елді мекендерге көп қоқыс әкелгенін, салдарынан өрт шығу қаупі артқанын жазған едік.