Су тасқынынан зардап шеккен өңірдің балалары Алматы облысында демалады
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Су тасқыны болған аймақтардың оқушылары Алматы облысында орналасқан жыл бойына жұмыс істейтін лагерлерде демалады.
Фото: Алматы облысы әкімдігі
Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 9 бен 15 жас аралығындағы 70 бала Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылындағы «Тау жанашар» балалар белсенді сауықтыру лагерінде демалады. Оқушыларды орналастыру жұмыстары сәуір айының 10 мен 25 аралығында жүзеге асады.
Фото: Алматы облысы әкімдігі
«Сондай-ақ 10-шы сәуірден 10-шы мамырға дейін «Тау-Тұран» балалар лагерінде 100 бала демалады деп жоспарланып отыр», - деп хабарлады облыстық әкімдіктен.
Фото: Алматы облысы әкімдігі
Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі ең көп зардап шеккен аймақтарда тұратын балалардың сауықтыру орталықтарына жіберіліп жатқанын мәлімдеген еді.
Фото: Алматы облысы әкімдігіФото: Алматы облысы әкімдігіФото: Алматы облысы әкімдігі
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.