Су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау пункттерінің мекенжайлары
АСТАНА. KAZINFORM - Еріктілердің «Birgemiz» фронт-офисі су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау пункттерінің мекенжайлары мен байланыс номерлерін жариялады.
Фото: freepik.com
Барлық қажетті заттар, сонымен қатар гуманитарлық көмек қабылдау пункттері суреттерде көрсетілген.
"Табиғи апаттар біздің отандастарымызға қатты әсер еткен кезеңде гуманитарлық көмек маңызды рөл атқарады деп сенеміз. Қолдауларыңыз үшін рахмет!" деп жазылған еріктілердің «Birgemiz» фронт-офисі таратқан хабарламада.
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.