«Еліміз су тасқынымен күресуде. Біз сабыр танытып, ынтымақта апат салдарын жоюға тырысып жатырмыз. Төтенше жағдайда біздің кәсіподақ еріктілерді тартып, гуманитарлық және қаржылай көмек беріп жатыр. Қазіргі таңда Кәсіподақтар федерациясының 7 шипажайында 186 орын бөлініп отыр. Қазір су басқан өңірлердің тұрғындарын орналастырып жатырмыз. Осындай қиын сәтте ел болып, асарлатып, зардап шеккендерге көмектсуге шақырамыз. Шуақты күндер алдымызда, оның келетіні күмәнсіз», - деді Сатыбалды Дәулеталин форум барысында.
Айта кетейік, бүгін Астанада «Еңбек саласындағы әйелдер: Жаңа шешімдер уақыты» атты Қазақстан еңбекші әйелдерінің І форумы өтіп жатыр. Шараны Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы ұйымдастыруда, оған Халықаралық еңбек ұйымы, БҰҰ, Мәжіліс депутаттары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері және еңбек әйелдері қатысуда.