Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында, Су ресурстары және ирригация министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес, 13 өңірдегі гидротехникалық құрылыстарда су тасқыны салдарының алдын алуға бағытталған 43 іс-шара жүзеге асырылды.
Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында жұмыстар жүргізілді.
— Жоспарға гидротехникалық құрылыстарды ағымдағы жөндеу, каналдарды тазарту және жағалау нығайту жұмыстары кірді. Мысалы, Ақмола облысында Шағалалы және Сілеті су қоймалары, сондай-ақ «Алва» лимандық суару жүйесі жөндеуден өтті. Абай облысында Шар су қоймасының қорғаныс бөгеті салынды. Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев гидроторабында жағалау нығайту жұмыстары жүргізілді, — деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Айта кетелік Бозымбаев Құлсары, Атырау және Ақтөбе облыстарындағы қауіпті аймақтарды тексерген еді.