— Қазіргі уақытта мұзды жару жұмыстары Жангелдин, Наурызым, Сарыкөл, Қарабалық және Алтынсарин аудандарының аумағындағы өзендерде өткізілді. Бұл шаралар өзен арналарында мұз кептелістерінің пайда болу қаупін азайтуға және су тасқынының алдын алуға бағытталған, — делінген хабарламада.
Жүргізіліп жатқан жұмыстарға төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен арнайы ұйымдардың өкілдері тартылған. Барлық жарылыс жұмыстары қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылып жатыр.
Бұған дейін Ақтөбедегі Елек өзенінде, Шығыс Қазақстандағы Үлбі өзенінде және БҚО-да мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы жаздық.