Қазіргі таңда 12 адамның тұлғасы анықталды, екі адамның тұлғасы анықталуда, тағы 9 адамның тағдыры беймәлім. Туапсе ауданының емханаларына 28 адам медициналық көмек сұрап келді, деп хабарлайды ақпарат көзі.
Естеріңізге сала кетейік, қазанның 16-сына қараған түні Туапсе ауданында нөсер жауынның салдарынан тау өзендеріндегі судың деңгейі көтеріліп, елді мекендерді басып қалған болатын. Соңғы мәліметтер бойынша, 22 елді мекенді су басып қалған. Апат аймағынан 300-ге жуық адам көшірілді. Табиғат апатына байланысты өлкелік төтенше жағдайлар қызметі жедел штаб жасақтады, ауданда төтенше жағдай режимі енгізілді.