ТАСС агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбіден бастап округтік әкімшіліктер мен бірқатар ауыл оқушылары қашықтан білім алады, кейбір елді мекендерге мұғалімдер амфибия-автокөліктер арқылы жеткізіледі.
Соңғы күндері Приморье өлкесіне үш айлық нормадағы жауын-шашын жауып, 14 муниципалдық құрылымдағы 3260 үй мен 1086 үй аумағын су басқан. Су тасқынына байланысты, өлкеде төтенше жағдай режімі жарияланды, бірнеше елді мекендерде құтқару шаралары жалғасуда.