Екі апта бұрын Бесқарағай ауылына кірген суы әлі қайтқан жоқ. https://kaz.inform.kz/news/shko-da-15-uyge-su-kirdi_a3511965 Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары БАҚ өкілдерімен өткен брифингте Александр Ломыгин аталмыш ауылда 17 моторлы сорғы, 10 техника, 67 адам жұмыс істеп жатқанын мәлім етті. Бүгінге дейін 400 мың текше метр су сорылған. Алайда жер астынан толассыз шығып жатқан судың қайтатын түрі жоқ.
«Су алған 3 үй мен 29 ауланың жағдайы сол күйі, өзгеріссіз» - дейді департамент өкілі.
Күн жылынған сайын тау өзендерінде су деңгейі артады. Ал, өңірдегі төтенше жағдай мамандары Күршім, Алтай, Катонқарағай аудандарындағы жағдайды жіті бақылау алған.
«Азаматтық қорғаныс күштері түгелдей жоғары дайындық режіміне көшті. Барлық аудандарда жедел штабты аудан әкімдері басқарып отыр. Өңір бойынша 385 қауіпсіз орын дайындалды. 5 ауданда 20 мәрте мұз жару жұмыстарын жүргіздік. Ең бастысы, барлық гидротехникалық нысандар қалыпқа сай жұмыс істеп тұр. Ал Шығыс өңірлік аэроұтқыр құтқару жасағының екі тобы Катонқарағай ауданының Сенное ауылында, Бесқарағай ауданының Кривинка ауылында сең ағынымен бірге ілесіп жүр. Олардың міндеті - кептеліс пайда болған жағдайда дереу әрекет ету», - дейді Александр Ломыгин.
Департамент өкілінің айтуынша, барлық гидро нынсандарда тәулік бойы кезекшілік қойылған. Ал Өскеменде мәліметтерді өңдеп, шұғыл әрекет ету үшін дағдарыс орталығы жұмыс істеп тұр.
Иллюстрациялық фото