Су тасқыны Ұлыбританияны 23 млрд. доллар шығынға батыруы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Толассыз жауған жаңбыр мен су тасқыны Ұлыбритания экономикасына 23 млрд. доллар шығын әкелуі мүмкін. Capital Economics британдық консалтинг қызметінің сарапшысы Ричард Холтаның осындай бағалауын жергілікті БАҚ таратты.

Сарапшының айтуынша, ауа райының қолайсыздығынан ықтимал су басу тәуекелі мен басқа шығындар шамамен экономиканың 13 пайызын қамтымақ.

2013 жылы желтоқсаннан бері елде 6 мыңға жуық үй мен кәсіпорындарды су басты, қолайсыз ауа райынан әлі де мыңдаған құрылыстар зардап шегуі мүмкін. Сақтандырушылардың айтуынша, оларға қойылған талап 500 миллион евродан асып түсіп, 1 миллиардқа жақындап та қалды.