Су тасқынына байланысты Алматы облысында пойыз қозғалысының бағдарлары өзгертілді

АСТАНА. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Қардың еруі салдарынан Сарыөзек-Үштөбе учаскесінде теміржолды су шайып кетті.

Сондықтан да, бұл учаскедегі теміржол төсемі қалпына келтірілгенше, наурыздың 14-інен бастап 302/301 Алматы-Новосібір, № 351/352 Алматы-Защита, №21/22 Қызылорда-Семей, №31/32 Павлодар-Алматы, қала маңына қатынайтын №6933/6934 Ақтоғай-Сарыөзек жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінен.

Билеттерді республиканың барлық теміржол кассаларында қайтаруға болады, акционерлік қоғам жолаушыларға билеттің толық ақысын қайтарады.

Қалыптасып отырған жағдайға байланысты, №325/326 Новосібір -Алматы-1 бағытындағы жолаушылар пойызы Алматы-1 -Шу-Мойынты-Балқаш-Ақтоғай-Семей бағдары бойынша уақытша жүретін болады. №369/370 Ташкент-Новосібір, №385/386 Бішкек-Новокузнецк-Новосібір бағытындағы пойыздар да Шу-Мойынты-Балқаш-Ақтоғай бағдары бойынша уақытша жүреді.

Туындаған барлық сауалдар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: Астана (87172) 600165, 600163 ; Алматы-1(87272) 963390, 963388; Алматы-2 (87272) 961315, 961253; Семей (87222) 380135, 381601; Өскемен (87232) 502735, 501215; Павлодар(87182) 372333, 372275.

Аталмыш учаскедегі пойыз қозғалысы жанданғаннан кейін қосымша хабарлама жасалады.