Су тасқынынан зардап шеккен атбасарлықтарға психологиялық көмек те көрсетілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Атбасар кентінде орын алған су тасқынынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсеткен ҚР ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы оралығының шұғыл әрекет ету бригадалары мен психолог мамандары тұрақты қызмет орындарына оралды, деп хабарлайды ТЖК-ның баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайды жою жұмыстарының басынан бастап біздің қызметтің медициналық мамандарына 57 адам жүгінді. Сонымен қатар, 66 тұрғынға шұғыл психологиялық көмек көрсетілді. Оның ішінде 17-сі бала. 5 адамға психологиялық кеңес берілді.

Төтенше жағдайға байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен психологиялық көмек көрсету мақсатында республикамыздың бірнеше аймақтарында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің бөлімшелерімен «қауырт желі» телефондары ашылып, қызмет жасауда.

Қазіргі таңға дейін Апаттар медицинасы орталығының Қарағанды және Ақтөбе облысы филиалдары психологтары барлығы 177 қоңырауды қабылдап, қажетті көмек көрсетті.