«Ауқымды жұмыс атқаруға тура келеді, өйткені аймақ бойынша 349 апаттық үйдің 272 үйі Ғ.Мұстафин атындағы кентке тиесілі. Оның 198 бұзуға жататын баспана», - деді облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков құрылыстың іргетасын қалау рәсімінде.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев аймақ басшысына жаңа үйлердің сызбаларын көрсетіп, құрылыстың басталғанын айтты.
Техникалық тексеру бойынша жұмыстарды «Стройтехнология», «Трансинжиниринг.krg» және «Гормонтажпроект» мамандандырылған ұйымдар сарапшылары жүргізіп жатыр.
«Қазіргі уақытта 117 үйді бұзу туралы келісім бар, 81 үй бұзылып жатыр. Аудан әкімдігі 101 техникалық құжат бөлді. Жобалық ұйымдар анықталды. Аумағы 40, 50, 60, 80 және 100 шаршы метрді құрайтын үй жобалауының 5 типі құрылды. Сонымен қатар 2, 3 және 5 пәтерлі үйлер жобасы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің ақпаратынша, зерттелген және құпталған 44 үйді сүру бойынша жұмыс басталды. Оның 21-і үй толық бұзылды.
Бюджеттің қаржыландыруы есебінен құрылыс жұмыстарымен айналысатын 40-қа жуық мердігер ұйым анықталды.
Құрылысты бақылайтын штаб құрылды. Бұл жұмыспен «Кристалстрой» ЖШС және «Укспроект-25006» ЖШС айналысады.
Футбольная көшесінің бойындағы № 30 үйдің іргетасын құюға облыс әкімі мен Ғ.Мұстафин кентінің ең қарт тұрғыны Нұрлан Жабаев қатысты.