Су тасқынынан зардап шеккен қарағандылықтарға мамыр айында өтемақы төленеді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында мамырда су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төленеді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Бұқар Жырау ауылының Чкалово және Садовое кентіне барды. Ол жерлерде 91 үйді су басты. Өңір басшысы зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Ол барлығына материалдық көмек көсретілетінін айтты.

«Облыс су тасқынының күрделі кезеңінен өтті, өңірде жоғары деңгейдегі әзірлік режімі алынады. Судың мөлшерден тыс көп болғанына қарамастан, оның салдарын азайттық, - деді облыс әкімі Қошанов.


«253 миллион текше метр сыйымдылықпен Самарқан су қоймасы арқылы үш мөлшерден артық су шығарылды»,-деп қосты ол.

«Өткен жылы осы су қоймасы арқылы 760 текше метр, биыл 85 млн текше метр су шығарылды. Бұл 100 миллион текше метрге көп. Су көлемі көп болды, бірақ 2015 жылға қарағанда, жұмыс ретті атқарылды», - деді облыс әкімінің орынбасары Андрей Ляпунов.


Бүгін Самарқан су қоймасынан су жіберу секундына 240 текше метр жылдамдықпен жүріп жатыр. Қабылданған шаралардың арқасында Бұқар Жырау ауданында елді мекендердің басым бөлігін су басудан қорғап қалдық. 8 кентті, оның ішінде 2015 жылы апатты салдары болған Ғабиден Мұстафин ауылын су басудан сақтап қалдық. Жергілікті атқарушы орган қызметкерлері ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп жедел жұмыс жүргізді.


«Чкалово, Садовое кенттерінде 83 үйді су басты. Бұл жерде жүйелі шаралар қабылдамаса болмайды. Мәселені талдап, шешім ұсыну тапсырылды. Бұл өте күрделі мәселе. Чкаловодағы жағдайды реттеуге болатын болса, Садовоеде жағдай барынша күрделі. Кентке су екі жақтан келіп жатыр. Оны дамбамен толық бөгеу өте қиын. Халықты көшіру қажет. Бұл да күрделі мәселе. Тапсырма бердім. Проблеманы шешу жолын табамыз», - деді журналистерге Қошанов.


Шығынға қатысты облыс әкімі осы аптада бағалау комиссиясына жұмысты аяқтауды тапсырды. 20 мамырға дейін өтемақыны толықтау төлеу қажет.