Су тасқынынан зардап шеккен Қызылағаш ауылында жаңадан салынған 102 үй мен күрделі жөндеуден өткен 20 үй пайдалануға берілді

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін Қызылағаш ауылында жаңадан салынған 102 үй мен күрделі жөндеуден өткен 20 үй пайдалануға берілді.

«Бүгін - қуанышты күн. Біз тағы да жүз отбасыға жаңа үйдің кілттерін тапсырдық. Күрделі жөндеуден өткен Мәдениет үйі, ауылдық әкімдік ғимараты, аудандық ішкі істер бөлімі , мешіт пен «Қазпошта» ғимараты ашылды. Біз Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа, барлық қазақ халқына берген көмектері үшін алғыс айтамыз», - деді Мәдениет үйінің алдында жиналған ауыл тұрғындарына Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов.

Осы күні Қызылағаш ауылына халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алтынбек Қоразбаев бастаған «Қазақконцерт» ұжымы концерт қоюға келді.

Қызылағаш көшелерінде су құдықтары орнатылды. Ауыл электр желісіне қосылған. Телефон байланысы бар.