Су тасқынынан зардап шеккендер үшін арнайы қорға қаржы түсу жалғасуда
09:27, 23 Сәуір 2011
ОРАЛ. 23 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Су тасқынынан зардап шеккендер үшін арнайы қорға қаржы түсу жалғасуда.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 22 сәуір күнгі ақпар бойынша су тасқынынан зардап шеккен батысқазақстандықтар үшін ашылған қайырымдылық қорына 315 миллион теңге түскен. ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес Қазақстанның облыстары мен қалаларынан табиғат апатынан жапа шеккен батысқазақстандықтар үшін 10 миллиард 70 миллион теңге аударылған.