Су тасқынында эвакуацияланған 3 мыңнан астам тұрғын үйлеріне оралды
«Жүргізілген шаралар аясында 872 тұрғын үй мен саяжайлардан тасқын су сорғытылды және айдалды. Республика бойынша Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарының елді мекендерінде 514 тұрғын үй, 850 саяжай және 7 ғимаратты әлі де су басып жатыр.
Қызыл су келген өңірлерде адамдар мен ауыл шаруашылық жануарларын эвакуациялау, суды сорғыту және айдау, су қоймаларын мұздан тазарту, инертті материалдар әкелу, қапшықтар әзірлеу, бөгеттерді нығайту, су деңгейін бақылау, қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстары жүргізілуде», - деп атап өтті Руслан Иманқұлов.
Су тасқыны кезеңі басталғалы 71 адам құтқарылып, 8126 адам алдын ала эвакуацияланды. Оның 3 029-ы өз үйлеріне оралса, 901-і эвакуация орындарына, 4169 тұрғын туыстарына орналастырылды.