Су түбінен ширек ғасыр бұрын жоғалып кеткен адамдардың мәйіті табылды

АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Оклахома штатындағы Фосс көлінен 6 адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды сайтынан.

Олар осыдан 40-60 жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен тұрғындардың денесі болуы мүмкін. Екі Chevrolet көлігін судың түбінде сынақ жүргізген сүңгуірлер анықтады. Алдын ала болжам бойынша, 1969 жылы жасалған көліктің ішінен табылған 3 мәйіт 1970 жылы жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 3 жасөспірімдікі болуы мүмкін. Ал екінші көліктен шыққан сүйектер 1950 жылдың аяғында хабар-ошарсыз кеткен адамдардың денесі деген болжам айтылуда. Сот-медициналық сараптама мамандары олардың туыстарының ДНҚ үлгілерін алып, қаза тапқандардың жеке басын анықтамақ. Бұл іс бірнеше жылға дейін уақыт кету ықтимал.