Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ербол Салықбаев 1989 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2012 жылы Шардара қаласындағы «Ер-Серік 2» ЖШС директорының орынбасары қызметінен бастаған. Кейін осы компанияның атқарушы директоры болды.
2014 жылы «Қазсушар» РМК-ның «Су-метрология» филиалы Автоматтандыру және есептеу бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарды.
2014 жылғы қазаннан 2015 жылға дейін «Қазсушар» РМК Оңтүстік Қазақстан филиалының Шардара өндірістік бөлімшесінде маман, кейін Суды пайдалану бөлімінің метрология және байланыс жөніндегі бас маманы болды.
2015-2019 жылдары «Қазсушар» РМК-да бас маман, бөлім басшысы, Материалдық-техникалық жабдықтау департаментінің басшысы қызметтерін атқарды.
2019-2020 жылдары «Қазсушар» РМК Суармалы жерлер департаментінің басшысы болды.
2020-2022 жылдары «Қазсушар» РМК департамент басшысы, кейін Пайдалану және суды пайдалану бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Қазсушар» РМК бас директорының пайдалану жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келді.
Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалғанын жазған едік.