Су ұрлаған өрт сөндіруші жұмыстан шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испаниядағы Ронда қаласының өрт сөндіру күзетінің бастығы Хуан Пиментел атқарып отырған лауазымынан шеттетілді.

Ол кемінде 8000 литр мемлекеттік суды ұрлады деп айыпталуда. Енді бұрынғы өрт сөндіру қызметкеріне айналған оны анонимді жасырын қоңыраудан кейін аңдуға тура келген. Ақпаратшы Хуан Пиментел өрт сөндіру көлігінен үйінің жанындағы бассейнге бірнеше рет су құйғанын хабарлаған. Осы үшінде құқық бұзушы жазаға тартылды, деп жазады espanarusa.com.