17:24, 09 Маусым 2009
Суармалы жерлерді қалпына келтіру ? ОҚО үшін басты міндеттердің бірі
ШЫМКЕНТ. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – Суармалы ауыл шаруашылығы жерлерін қалпына келтіру Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі таяудағы үш жылға арнап әзірлеген бағдарламада бірінші кезекті тізімге енгізілді.
Бұл жөнінде ҚазАқпаратқа ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов хабарлады.Суармалы жерлердің қоры 481,4 мың гектар жерді құрайды. Олардың ішінде бүгінгі күні 86 мың гектары түрлі себептермен пайдаланылмайды. Олардың ішінде ? жердің сорлануы, суландыру жүйесінің ақаулығы, егін себу айналымының сақталмауы, шағын шаруашылықтарда қаражаттардың жетіспеушілігі себеп болып отыр. Осы тұрғыда Бәйдібек, Арыс, Отырар, Ордабасы және Шардара аудандарында мәселелер шешілмеген күйі қалып отыр. «Пайдаланылмаған жерлер әкімдіктің теңгеріміне қайтарылатын болады. Бұл туралы жергілікті әкімдіктер мен жер инспекциясына тапсырылды. Осы жерлердің базаларында ірі агроқұрылымдар құрылатын болады», ? деді Б.Оспанов.