Оның сөзіне қарағанда, автоматтандыру шаралары негізгі басымдыққа ие болуда, себебі бұл қадамдар бюджеттік жоспарлауды жетілдіру мүмкіндігін береді.
«Біз бюджеттік жоспарлауды автоматты режимде іске қостық. 2020 жылдан 2022 жыл аралығында бюджет автоматты режимде қалыптасатын болады. Бұдан бөлек, субсидияны бөлу бағытында автоматтандыру қарастырылған. Ауыл шаруашылығы министрлігі бойынша автоматтандыру шаралары жүргізіліп, қанатқақты жоба сәтті өтті. Әрине, кейбір кемшіліктер де бар, оларды жақында жоятын боламыз», - деді Шолпанқұлов 2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуын талқылауға арналған отырыста.
Оның айтуынша, бөлінетін субсидияларды автоматтандыру бизнесті қолдауға бюджеттен бөлінетін қаржының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді, сондай-ақ талдау шараларының тиімділігі де артады.
Б. Шолпанқұлов 2019 жылдың екінші жартысында автоматтандыруды субсидияның барлық түрлеріне тарату жоспарланып отыр.