Жігіт таныстарымен Ленин даңғылында орналасқан субұрқақ маңында демалып отырған. Суға түспек болған ол субұрқаққа секірген. Кейін оның ажал құшқаны белгілі болды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында сот медициналық сараптама тағайындалды. Жігіт өлімінің себептері анықталып жатыр.
Кейін «Вконтакте» әлеуметтік желісінде оқиға куәгерінің әңгімесі жарияланды. Тап сол сәтте достарымен субұрқақ маңында өтіп бара жатқан қыз жігіттің субұрқаққа секіргенін, кейін шықпағанын жазды. Оның достары шығармақ болған. Алайда оларды тоқ соққан. Жедел жәрдем келгенге дейін жігіт көз жұмды.