Өйткені, демалыс орнына айналған субұрқақтар түрлі жұқпалы ауруларды тудыруы мүмкін.
«Астанадағы субұрқақтарды әрдайым зертханалық тексеруден өткізіп, микробиологиялық көрсеткіштерін анықтап, тырысқақ ауруын қоздыру себебін қадағалап отырамыз. Тексеру нәтижесі бойынша су температурасы талаптарға сай келеді. Алайда, ол жағажай не арнайы шомылатын орын болмағандықтан, суға түсуге тыйым салынады. Соған қарамастан, ата-аналар балаларының субұрқақ суына түсуіне рұқсат береді. Ол дұрыс емес.», -дейді ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана бойынша департаменті директорының орынбасары Федор Пеев.
Субұрқақтарды пайдалану, бақылау жасау қаланың Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетіне қарасты департаменттің құзырында. Олар субұрқақтағы суға зертханалық зерттеу жасайды. Елорданың ресми сайтының жазуынша, бүгінде Астанада қала сәулетіне айналған әртүрлі биіктіктегі, әр түрлі түстермен безендірілген 33 субұрқақ кешені жұмыс істейді.