Судья қызметіне кәсіби мамандар тағайындалады - Бас судья Б.Бекназаров

АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанда 55 судьяны жұмыстан босату туралы ұсыныс жасалды. Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы сотының кеңейтілген кеңесінде еліміздің бас судьясы Бектас Бекназаров мәлім етті.

«Олардың алтауы өз еркімен жұмыстан кету туралы арыздарын жазып кетті. Себебі өз қызметін дұрыс атқара алмады, тағы төртеуі басқа жұмысқа ауыстырылып отыр. Республикалық тәртіптік алқаның шешіміне сәйкес, үш судья жұмыстан кетсе, Сот алқасы тағы бес судьяны қызметтен босатты», - дейді Б.Бекназаров.

Жоғарғы сот төрағасы атап көрсеткендей, ендігі уақытта судья қызметіне жоғары дайындық көрсеткен кәсіби мамандар алынатын болады. «Бүгінде Әділет институтының (ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы - авт.) магистранттарының кәсіби білімі әрі жақсы тәжірибесі бар. Осы уақытқа дейін аталған институтты 309 түлек тәмамдап шықты. Соңғы жеті жылдың ішінде олардың 106-сы судья қызметіне тағайындалды», - деді Б.Бекназаров.