Облыстық соттың төрағасы Н.М.Қайырбеков балаларға мықты денсаулық, бақытты балалық өмір, биік белестерден көрінулеріне тілектестігін білдірді.
Одан кейін сыйлықтар тарту етіліп, өз кезегінде мектеп - интернатының ұжымы жүрекжарды алғыстарын айтты. «Жетім көрсе, жебей жүретін» Судьялар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалы тек мереке қарсаңында ғана емес, тұрақты түрде ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көңіл бөліп, сыйлықтарын тарту етуді дәстүрге айналдырған.