Отырыс барысында еліміздің бас судьясы атап көрсеткендей, бүгінде құқықтық тәртіп саласында Ата заңымыздың нормаларын нақтылау өзекті мәселелердің біріне айналды. Себебі Конституцияның салалық нормаларының заңды күші реттеу фунцияларын атқаруға әбден жеткілікті. «Осыған байланысты бідің судьялар шешім шығарған кезде, конституциялық-құқықтық нормаларды қолданбайды, яғни Ата заңымызға жүгінбейді», - деді М.Әлімбеков. Осы орайда басқа елдердің сот тәжірибесін мысалға келтірген ҚР Жоғарғы сот төрағасы: «Өзге мемлекеттердің іс-тәжірибесі көрсетіп отырғандай, егер судья қолданыстағы заңның Конституцияға қайшы екендігін көрсе, онда ол негізгі заңға, яғни Конституцияға сүйене отырып, өзінің әділ шешімін шығара алады», - деп атап көрсетті М.Әлімбеков.
12:40, 20 Қазан 2010
Судьялар Конституцияға сүйене отырып, әділ шешім шығаруы тиіс - М.Әлімбеков
АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанада ҚР Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Әлімбековтың төрағалығымен Конституция нормаларын сот тәжірибесінде тікелей қолдану мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтті.