Аталған шешім судьялардың кәсіби және моральдық бейнесіне деген қоғам талабының артуына, сондай-ақ Судьялар әдебінің жаңа кодексін қабылдау қажеттігіне байланысты қабылданды. Бұл - бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам - баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарының № 19 қадам іс жүзінде орындау.
Қаулыға сәйкес, съезге өкілдік ету нормасы Судьялар Одағының 15 мүшесіне 1 делегаттан қатысу қағидаты бойынша белгіленді. Осы ретте аудандық судьялар мен отставкадағы судьялар делегаттарының арасындағы өкілдік ету қамтамасыз етілуі тиіс. Судьялар одағының филиалдарына делегаттыққа кандидаттар тізіміне облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағаларын, Судьялар Одағының облыстық филиалдарының төрағаларын, Орталық Кеңес пен Орталық ревизиялық комиссия мүшелерін енгізу ұсынылды.
2016 жылдың қаңтарында съезд делегаттарын сайлау бойынша судьялардың облыстық конференциялары өткізілуі тиіс.