Судьялардың қазақ тілін пайдалану көрсеткіші қандай
16:21, 27 Қыркүйек 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде Қазақстандағы сот отырыстарының басым бөлігі орыс тілінде өтеді. Дегенмен, қазақ тілінде өтетін процестер де аз емес, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сот өндірісінде әкімшілік істердің басым бөлігі орыс тілінде қаралады. Оның үлесі 68 пайызды құрайды. Ал мемлекеттік тілде әкімшілік істердің 31 пайызы қаралып жатады», - дейді ҚР Жоғарғы соты жанындағы Аxуалдық орталықтың жетекшісі Салтанат Смағұлова.
Оның айтуынша, жыл басынан бері қазақстандықтарға 7,2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды. Соның 3 млрд теңгесін xалық өз еркімен төлесе, қалғанын өндіріп алуға тура келеді.
Айта кетейік, ҚР Жоғарғы соты жанындағы Аxуалдық орталық барлық сот отырыстарын онлайн режимде бақылап қана қоймай, осы жұмысқа қатысты жүздеген көрсеткіштерді тіркеп отырады . Аталған мәліметтердің негізінде қазақстандық қылмыскердің орташа портреті да жасалды .