Астана қаласы Есіл ауданы ТЖБ инспекторы Бауыржан Бейсенқанов бұл жағдайға қатысты былай дейді: «Суға түскен кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Белгі қойылған жерден тыс малтып кетуге болмайды. Ең өкініштісі, көптеген оқыс оқиғалар ішімдік пайдаланғанның кесірінен орын алады... Астана орталығында арнайы суға түсетін жағажай бар. Осы белгіленген орында ғана суға түсуге болады».
Мамандардың сөзіне сүйенсек, суға кеткендердің 70-80 пайызы 30 жасқа дейінгі ер-азаматтар екен және олардың көбі ішімдіктің буымен ережені бұзатын көрінеді.