Халықаралық деңгейдегі спорт бәсекесіне әлемнің 31 елінен 260 спортшы, сондай-ақ 27 италиялық клуб командалары қатысты.
Еліміздің намысын ұлттық паралимпиада құрама командасы кіретін және өңірлерден келген 18 пара жүзуші қорғады.
«Кубок нәтижесінде жалпы есеп бойынша І орынды Италия командасы иеленді, ІІ орын Германияға бұйырса, тиісінше ІІІ орынға Ұлыбритания параспортшылары тұрақтады. Қазақстан жалпыкомандалық есепте 8 медальмен 6 орынды орнықты. Атап айтқанда, еліміздің қоржынында 1 алтын, 5 күміс және 2 қола жүлде бар», - деп хабарлайды комитет.