Судан Чадтың үстінен БҰҰ-ға шағым жасады

МӘСКЕУ. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат - Судан БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне көршісі Чадтың іс-қимылдарына өзінің наразылығын білдіріп жазбаша шағым жасады. Олардың айтуынша, Чад Суданның аумағын бомбалаған,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Чад үкіметі өз кезегінде айыптауларды теріске шығарып, әуеден тасталған екі бомба Чад аумағында жүргізілгенін атады.

Екі тарап та өз аумақтарындағы көтерісшілер топтарын қолдағаны туралы ылғи бірін-бірі айыптаумен келеді.