Судан халқының үштен екі бөлігі гуманитарлық көмекке зәру - БҰҰ
АСТАНА.KAZINFORM - БҰҰ гуманитарлық агенттігінің басшысы елдегі жағдайды апатты деп бағалап, зардап шеккен аудандарға көмек жеткізу қиын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Фото: x.com / @UN_SPExperts
Судан халқының үштен екі бөлігінің жағдайы ауыр және гуманитарлық көмекке мұқтаж, деп хабарлады сәрсенбіде БҰҰ Гуманитарлық істер және көмекті үйлестіру басқармасының басшысы Том Флетчер.
Оның айтуынша, бейбіт тұрғындар үшін жағдай аса ауыр болып барады, ал армия мен Жедел әрекет ету күштері (ЖДК) арасындағы қақтығыс салдарынан көмек жеткізу мүмкіндігі шектеулі.
ХКҰ бағалауы бойынша, қараша айының басынан бері RRF күштері 18 айлық қоршаудан кейін билікті басып алған әл-Фашер қаласынан және көршілес аудандардан шамамен 82 000 адам қашып кеткен.
Сонымен қатар, Судан үш айлық гуманитарлық атысты тоқтатуды және одан кейін тоғыз айлық саяси процесті ұсынған АҚШ бастаған төрттікпен келіссөздерге ресми түрде қатыспайтынын мәлімдеді.
Суданның сыртқы істер министрі Мохиддин Салем өз елінің серіктестерімен, соның ішінде Суданды бөлуге бағытталған кез келген әрекетке қарсы Мысырмен тікелей диалог жүргізіп жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде, Жедел әрекет ету күштері бұған дейін атысты тоқтату жоспарын қабылдауға дайын екенін білдірген, алайда армия бейбіт тұрғындар тұратын аймақтардан олар шыққан жағдайда ғана қару-жарағын тапсыруға келісетінін мәлімдеген. БҰҰ өкілдері гуманитарлық миссияларға кепілдігін іздеп, екі тараппен де байланыстарын жалғастырып жатқанын растады.
ДДҰ бұған дейін де Суданды ашаршылық жайлағанын айтып, дабыл қаққан болатын.
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.