Судан төрт баланы аман алып шыққан қостанайлық наградаға ие болды
АСТАНА. KAZINFORM — Қостанай тұрғыны балаларды құтқарғаны үшін медальмен марапатталды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің бұйрығымен Тобыл өзенінде балаларды құтқару кезінде көрсеткен батырлығы мен жоғары азаматтық жауапкершілігі үшін Қостанай қаласының тұрғыны Андрей Цимбал «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» ведомстволық медалімен наградталды.
Награданы салтанатты табыс ету Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінде өтті.
— Сіздің іс-әрекетіңіз-айналадағы адамдарға үлгі. Сіз балалардың өмірін құтқарып қана қоймай, қиын уақытта адам болып қалудың қаншалықты маңызды екенін көрсеттіңіз. Мұндай әңгімелер нағыз батырлар біздің арамызда өмір сүретінін еске салады, — деді ТЖД бастығы Дамир Ермағамбетов.
Оқиға 2025 жылғы 31 мамырда Андрей Цимбал Тобыл өзенінде балық аулауға барған кезде болған. Ол бір топ балалар ересектердің қарауынсыз жабдықталмаған жерде шомылып жүргенін көрген. Кенеттен ағыс жігіттерді алып кете бастады. Бір секунд та ойланбастан, Андрей суға секіріп, қатты ағыс пен шектеулі көріну жағдайында төрт баланы жағаға шығарып алды.
Андрей Цимбалдың батырлығы және іс-әрекеті қоғам алдындағы шынайы батылдық пен жауапкершіліктің үлгісі болды.
Бұдан бұрын Жетісуда бір күнде екі бала суға батып кеткенін жазған едік.