Суданда әскери ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Суданда Ан-26 әскери ұшағы апатқа ұшырап, 5 адам мерт болды, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Судан армиясына тиесілі ұшақ Солтүстік Кордофан провинциясында қонарда апатқа ұшыраған.

Елдің Қорғаныс министрілігінің хабарлауынша, ұшақ бортында үш офицер, екі сарбаз қаза тапқан.
Ұшақ техникалық ақау салдарынан апатқа ұшыраған.