Оның қорғаушысының айтуынша, бойжеткен 25 маусымда жергілікті шіркеуге жақын жерде ұсталған. Заңға сүйенген судья осындай киім кию әдепке жатпайды деген шешім шығарды.
Бұдан басқа, Әл-Тумға 500 судан фунты (шамамен 82 доллар) көлемінде айыппұл төлеуіне тура келеді.
Әл-Тумға қолдау білдіру үшін Amnesty International құқық қорғаушылары ғаламторда Судан билігіне арнаған үндеудің астына адамдардың қолдарын жинай бастады. Қазіргі кезде петицияға 40 мыңнан астам адам қол қойған.