Суданда көлік апатынан 19 адам қаза тапты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Суданда орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан 19 адам қаза тауып, 12 адам зардап шекті. Бұл туралы бүгін СУНА ақпараттық агенттігі хабарлады.

Оның деректеріне сүйенсек, оқиға жексенбіде ел астанасы - Хартумадан 240 шақырым жерде орын алды. Белгісіз себеппен адам тасымалдап келе жатқан екі жүк көлігі соқтығысқан.

«13 ер адам, екі бала, төрт әйел оқиға құрбаны болды», - деп хабарлады жергілікті аурухана өкілі Ахмед Абдин.

Суданда ірі жол апаты жиі орын алады. Оған көбіне жүргізушілердің жол қозғалысы қағидасын бұзуы, жол сапасыздығы, көлік құралдарының ақауы себеп болады. Сонымен, 2014 жылы 2 мың адам апат құрбанына айналса, тағы 5 мың адам зардап шеккен.