– Жалпы 129 650 адамы бар 31 666 отбасымен байланысты 138 өлім тіркелді, – делінген ведомство хабарламасында.
Министрліктің мәліметінше, 12 420 үй толығымен құлаған.
Сонымен қатар, Суданның бес штатында тырысқақ ауруының жаңа 102 жағдайы тіркелді және бес адам қайтыс болды. Жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың жалпы саны сәйкесінше 1223 және сегізге жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Суданда жаңбыр мен су тасқынынан қаза тапқандар саны 77-ге жеткенін жазған едік.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Судандағы гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесі елді жауған нөсер жаңбырдан туындаған су тасқынының салдарынан 73 мың адамның зардап шеккенін, 14 мың үйдің ішінара немесе толығымен қирағанын хабарлады.